12.05.2017, 10:21
Оқылды: 63

Қаратөбеде төрт айда 141 бас ірі қара малы бруцеллез ауруымен тіркелген

Karatobe Brucelez   Қаратөбе ауданы әкімдігінде жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде жиын өтті.

   –  Ауданымызда биыл жекелеген адамдар арасында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ. Алайда осы төрт айда 63 ауладан 141 бас ірі қара малы аталған аурумен тіркеліп, қарым-қатынаста болған 124 адам тексеруден өтті.


   Ағымдағы жылдың 4 айында 9 адам тістеуден жарақат алып, ит қапқан 7 тіркелсе, мысық тырнаған, қарсақ тістеген жағдайлар да кездескен. Барлық жарақаттанғандар профилактикалық екпесін алды, - деді отырыста хабарлама жасаған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Мағия Аманжанова.

   Одан соң хабарлама жасаған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 12920 бас ірі қара мал бруцеллез ауруына тексеріліп, 185 бас ірі қара ауру мал есебінде тіркелді. Аудан бойынша 196 бас бұралқы иттер мен мысықтар ұйықтататын дәрімен ауланып, жойылған.

  Отырыс соңында аудан басшысы Асхат Шахаров мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы  

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале