3.12.2019, 12:54
Оқылды: 136

Қаратөбеде турнир тартысты өтті

Қаратөбе ауданында Батыс Қазақстан облысына тоғызқұмалақ ойынын алып келген тұңғыш жаттықтырушылардың бірі Ізтұрған Хамидуллин Хамидоллаұлын еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында ашық турнир өтті.

 qaratobe (2)

Спорт ардагерінің ұрпақтары, бауырлары ұйымдастырған турнирге Атырау облысынан Тасшағыл, Қызылқоға және көршілес Шыңғырлау мен Сырым аудандарынан жалпы саны 6 құрама қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында Ізтұрған Хамидуллиннің ұл-қыздары мен бауырлары, сыныптастары мен бөлім басшылары қатысты. Мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Зайыбы Гүлзейнеп пен сыныптасы Серік Бралиев спорт ардагерінің азаматтық қырлары мен еңбек жолына тоқталды. Турнидің бас төрешісі Айбат Шайжанұлы ойын ережесімен таныстырды.

qaratobe (3)

Ала допты әуелете соқан волейболшылар үздік ойын көрсетіп, көрермен көзайымы болды. Жартылай финалда III орын үшін таласқан "Қызылқоға" мен "Қаратөбе 2" құрамасы тартысқа толы ойын көрсетті. Атыраулық спортшылар жерлестерімізден басым түсіп, "Қызылқоға" құрамасы қола медальді еншіледі. Жүлде үшін таласқан "Қаратөбе 1" құрамасы теңбіл допты ұршықша иірген сырымдықтарды сан соқтырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарға арнайы кубок иегері атанып, жүлделеі орынға ие болған құрамалар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

qaratobe (1)

Ойын барысында үздік шығып, ойынның көркін қыздырған спортшылар Абзал Сапарғалиев (Қаратөбе ауданы 1) «Үздік байланыстырушы», Ахмедияр Есжанов (Сырым ауданы) «Үздік шабуылдаушы», Ерсін Оспанов (Қаратөбе ауданы 2) «Үздік ойыншы», Бекарыс Қойшыбайұлы (Қызылқоға ауданы) «Үздік қорғаушы» атанып, қаржылай сыйлық табысталды.

qaratobe (4)

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале