25.08.2017, 16:38
Оқылды: 19

Қаратөбеде түсіндіру тобы тұрғындармен кездесуде

«Ұрлыққа тоқтам» жобасы және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бағытында құрылған жұмысшы топ Қаратөбе ауылдық округтерінің халқымен кездесті.


Шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде сөз сөйлеген аудан прокуроры Ғалымбек Әлібекұлы мал ұрлығына тосқауыл қою мақсатында тұрғындар иелігіндегі малдарды бағымға беру, «Өзіңнен баста» жобасы аясында түнгі рейдтер ұйымдастыру, ауыл тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізу турасында айтып өтті.

Аталмыш кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов Елбасы мақаласында көрсетілген басым бағыттарға тоқталса, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов ауыл халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған «Игілік», «Береке» бағдарламаларының тиімділігін түсіндірді.

Жұмысшы топ құрамында Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абылай Тәжікенов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Гүлзира Мағзомовалар болды.

Жергілікті тұрғындарды мазалаған сауалдар бойынша жұмысшы топ өкілдері жеке қабылдау жүргізді.

 Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале