28.01.2019, 16:05
Оқылды: 29

Қаратөбеде үздік құрыш білектілер анықталды

Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қол күресінен 2001 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудандық іріктеу  чемпионаты өтті.

 DSC_1058

Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев жарысқа қатысушы құрыш білекті спортшыларға сәттілік тілеп, үнемі спортпен шұғылданып, дені сау, шымыр болып өсуге шақырды.

Жарыстың бас төрешісі аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов спорттық доданың ережелерімен таныстырып, 1-4 ақпан күндері өтетін облыстық чемпионатқа іріктеу екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, қол күресі спортымен шұғылданып жүрген Сейілхан Жарылғасымов, Бекжан Қайырбаев, Ерназар Жеңісовке «Спорт шеберлігіне үміткер» куәліктері табысталды.

Аудан чемпинонатына тоғыз команда сапында 80-нен аса спортшы қатысты.

Сайыс қорытындысында 2001 жылы туған және одан төмен жасөспірім қыздар арасында 40 келі салмақта Аида Болатова, 45 келіде Мәдина Қорғанова, 50 келіде Ұлпан Сұлтанғалиева, 55 келіде Диляра Серікқали, 60 келіде Гүлзат Орынбасарова, 65 келіде Аружан Әділгерей, +65 Перизат Шалабай І орын иеленді.

2001-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 50 келі салмақ дәрежесінде Жоламан Шаймардан, 55 келіде Ержан Ерболат, 60 келіде Али Шайжанов, 65 келіде Руслан Құсанов, 70 келіде Жандарбек Ниязов, +75 келіде Асхат Өтепбергенов жеңімпаз атанды. Қаратөбе колледжінің студенті Мирас Жеңісов 75 келіде І орынды иеленді.

2004-2005 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында 36 келі салмақ дәрежесінде Ерлан Төлепов , 40 келіде Дияс Октябрь, 45 келіде Сейілхан Жарылғасымов, 50 келіде Әлішер Есенқұлов, +55 келіде Әділ Мұхтаров І орыннан көрініп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Мұхит атындағы мектептің оқушысы Айдарбек Амантаев 55 келіде І орынға ие болды.

2006 жылғылар арасында 35 келі салмақта Ержан Мерген, 40 келіде Хамит Аманшин, 50 келіде Мансұр Мағзом І орынға ие болды.

Жалпы командалық есепте І орынды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері, ІІ орынды Қаракөл мектебінің оқушылары, ІІІ орынды Қаратөбе колледжінің өрендері жеңіп алды.

DSC_0004 DSC_0010

 

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале