14.02.2017, 12:05
Оқылды: 63

Қаратөбеде V «Қадыр оқулары» өтті

Kadir okulari           40-қа жуық оқушы қатысқан шара мақсаты – Қадыр шығармалары арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ақынның әдеби мұрасын насихаттау.


         Сайыс қорытындысы бойынша «Сөздің бәрі құдіретті...» кезеңінде Қадыр ақынның 51 өлеңін мәнерлеп жатқа айтуда алдына жан салмаған Б.Аманшин атындағы орта мектеп оқушысы Нұрханша Бақтыбайқызы бас жүлдені иеленді. 

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» кезеңінде ақын рухына арнаған өзінің жүрекжарды жырымен көзге түскен Б.Қаратаев атындағы орта мектеп оқушысы Арайлым Айтбай үздік атанды. 

«Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» кезеңінде барша көрерменді тәнті еткен Қалдығайты орта мектебінің оқушысы Оразбек Мұстажапов қатарластарынан оза шапты.

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале