21.09.2018, 10:00
Оқылды: 25

Қаратөбеде волейболдан аудан біріншілігі өтті

Қаратөбеде аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2003-2006 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті.

DSC_1083

Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандыру мақсатында өткізілген жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Жасөспірімдер арасындағы ойын қызу тартысқа толы болды.

Алғашқы кезең айналма жүйесі бойынша өткізілді. Яғни, барлық командалар бір-бірімен кездесіп, ұпай сандары бойынша қай команданың алға шыққаны анықталды. Волейболшылар екі топқа бөлініп, өзара бақ сынасты.

Аудан біріншілігінің нәтижесінде І орынды Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектебі командасы ұтып алды. ІІ орынды Үшағаш НОМ командасы, ІІІ орынға Қаратөбе мектеп-гимназиясы ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін...» аталымымен Жамбыл мектеп-балабақша кешені командасы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале