25.01.2019, 12:06
Оқылды: 32

Қаратөбеде жаңа үйлер салынбақ

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың халық алдындағы есеп беру жиналысытары Қаратөбе ауылдық округінде қорытындыланды.

 qaratobe (2)

Есептік жиында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Айдос Әмірғалиев өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудан орталығында бірқатар ауқымды жобалар іске асқан.

– Елбасы бағдарламасы аясында Қаратөбе ауылының орталығындағы саябаққа 300 түп алма ағашы көшеттері отырғызылды. Астананың 20 жылдығына орай аудан орталығынан Астана саябағы ашылды. Саябаққа Астаның символына айналған «Бәйтерек» монументі (биіктігі 9,7 метр) мен субұрқақ, балалар ойын алаңы, ерекше көз тартар орындықтар мен жарықшамдар қойылды,- дейді округ әкімі Айдос Орынбайұлы.

Айта кету керек, былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қаратөбе ауылындағы бір пәтерлі 14 үй құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Сондай-ақ Жұмақаев көшесіндегі тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталған.

Округ тұрғындары алдында сөз алған аудан әкімі Жанат Асылханұлының айтуынша есептік жылда Қаратөбе ауылындағы 4 пәтерлі бір қабатты үш тұрғын үй салуға, Жусандыой ауылының ауылішілік су құбырын жүргізуге, Қаратөбе ауылындағы 67, 83 бір пәтерлі тұрғын үйлерді салуға, оларға инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға, Қаратөбе ауылындағы 45, 49, 50 жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасалып, кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізілген.

qaratobe (3)

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

 

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале