12.06.2017, 14:55
Оқылды: 46

Қаратөбеде жәрмеңке өтті  

 

Қаратөбе ауданында үшінші мәрте ұйымдастырылған жәрмеңкеге шалғай орналасқан Егіндікөл, Қоскөл және орталыққа жақын Жусандыой ауылдық округтерінің кәсіпкерлері келді.

Жағалай орналасқан сатушылардан ет, сүт өнімдерін, сондай-ақ базарға қарағанда 10-15 теңгеге арзан бағамен сатып алушылар аптадан-аптаға көбейе түскендігі осы жолы да байқалды.

Өзін Базарбаева Сәуле деп таныстырған сатушы тауарларының базар бағасынан арзан екендігін, жақсы өтіп жатқандығын айтып, ризашылығын білдірді. Тауар бағалары базардағы бағалармен салыстырғанда 10 %  төмен бағамен ұсынылды.  Мысалы, қой етінің келісі 1100 теңге болса, тары-талқан - 600тг, сүзбе – 500тг, сары май  - 1800тг, қаймақ 1л - 1200тг, 500гр  - 500тг, 260гр -  300тг, қымыз 1л - 500тг, қаймақ 1л - 1200тг, 500гр  - 500тг, 260гр -  300тг, жұмыртқа 1 данасы -  30тг,  құрт 1 данасы -  10тг, бисквит -  400тг, бәліш – 100тг.

Жәрмеңкеге келген кәсіпкерлер өз өнімдерін тез сатып, тағы да тапсырыс алды.

Айнұр Айнашова

«Қаратөбе өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале