30.09.2019, 17:38
Оқылды: 74

Қаратөбеде жәрмеңке өтті

Қаратөбе ауданы орталығындағы орталық базарда Қаратөбе, Егіндікөл, Қаракөл, Саралжын, Жусандыой ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

71085982_399558247419759_341498184054341632_n

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тары, талқан, ет, сүт өнімдерін саттыққа шығарды.

Нарықтағы бағаға қарағанда жәрмеңкедегі өнімдер едәуір төмен бағамен ұсынылды. Мысалы, сиыр етінің келісі – 1500 теңге болса, тары-талқан – 800 тг, сары майдың келісі – 3000 тг, құрт – 30 тг, қайнатылған құрттың литрі 1000, айранның литрі 300 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ 1500-ден тауық еті, 3000 теңгеден үйрек еті сөреге қойылды.

Аудан тұтынушыларына жәрмеңке де мал азығы қарабидай, ақбидай, ячмень – 2500, кебек (отрубь) – 900 теңгеден сатылды.

– Егіндікөл ауылынан арнайы жәрмеңкеге келіп, қолдан жасалған табиғи өнімімізді саттықа әкеліп, тұтынушыларға арзан бағамен ұсынудамыз. Жәрмеңкелер алдағы күндері де ұйымдастырылса жеке тұлғалар үшін тиімді болар еді. Өнімдерін күнделікті күнде жаңалай өткізіп, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырсақ бізге де жақсы, - дейді егіндікөлдік Сәуле Базарбаева.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале