1.03.2018, 15:29
Оқылды: 18

Қаратөбеде жас отбасылар сынға түсті

karatobe turistҚаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» атты жас отбасылар арасында туристік сайыс оздырылды.

- Аталған сайысқа үш команда қатысып, үш кезең бойынша өзара бәсекеге түсті. Сайыс арқылы отбасы мен мектеп бірігіп, балалардың спортқа деген құлшыныстарын арттыруға септігін тигізбек. Балалардың қатысуымен өткізілетін мұндай сайыстарды болашақта да жалғасын табады деп ойлаймыз. Өйткені, осы арқылы отбасылық құндылықтарды бағалауға, спортқа әуестендіру, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты күшейтуге болады, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Дария Мақсотова.

Сайыста оқ бойы оза шауып ұйымшылдықтарымен жеңіс тұғырынан көрінген командаларға  естелік сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар табыс етілді. Атап айтсақ, «Үздік отбасы» аталымымен Абаевтар отбасы, «Үлгілі отбасы» аталымы бойынша Қапановтар отбасы, сондай-ақ «Ұйымшыл отбасы» Жұбанғалиевтер отбасы атанды.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале