17.09.2018, 14:30
Оқылды: 62

Қаратөбеде жас ұстаздар слеті өтті

Қаратөбе ауданында Мұхит атындағы мектеп пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ізденіс. Шабыт. Идея» тақырыбымен жас ұстаздар слеті өтті.

DSC_1006

Жас ұстаздарды жаңа білім беру мазмұнының жай-жапсарымен таныстыру мақсатында өткен шарада сөз сөйлеген мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлнұр Тіналиева:

-Бала психологиясын терең түсіну, ата-анамен қарым қатынас жасау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және командалық жұмыс әдістерін білу ұстаздарға өте қажет.

Жас мамандарға түрлі танымдық шаралар ұйымдастыру арқылы ұстаз болып қалыптасудағы табандылығы мен өзіндік көзқарастарын танимыз, - деді.

Одан соң аудандық білім беру бөлімінің басшысы, спикер Берікжан Ғарапшиев «Жас ұстаздардың қоғамдағы рөлі» тақырбында ой өрбітіп, ұстаздық қызметті нық қадаммен бастаған жас ұстаздарға жаднама табыс етті.

Шарада аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары «Soft skills» семинар-тренингін өткізді.

Жаңашыл ұстаздар қатысқан сайыста алдымен квест ойыны ойналтылды. Одан соң «READx жобасы ұстаздар көзімен» бөлімінде спикерлер Жария Ыбырайқызы Джейн Эйр «Шарлотта Бронте», Есбол Айсағалиұлы «Мен – халқымның  Бауыржанымын!», Толқын Сартайқызы «Песчанная учительница»,  Жанат Байжанқызы «Бай әке, кедей әке» сынды шығармалардың желісімен таныстырып, оқуға кеңес берді.

Шара соңы «Өмір жолы» тренингімен қорытындыланды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

DSC_1041

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале