9.05.2018, 14:08
Оқылды: 33

Қаратөбеде жауынгер ботқасынан дәм татты

DSC_0597Бүгін  Қаратөбе ауданының орталығындағы саябақтағы «Мәңгілік алау»  мемориалында Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толуына байланысты өткен салтанаттты жиыннан кейін аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған  орталық саябақтағы жауынгер лашығында болған Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақов және аудан басшысы Жанат Асантаев бастаған ел азаматтары жауынгер ботқасынан дәм татып, аудандағы  соғыс ардагері Құрманғали Ысқақовқа жылы лебіздерін білдіріп, отбасына амандық тіледі.

 Айтулы жиында аудан ақсақалдары,  тыл ардагерлері О.Ермекқалиев, С.Фазылов, Н. Дәулетов балалық шағының соғыстың қиындығымен өткендегі, сол кездегі  тыл еңбеккерлері мен әскердің біртұтастығы туралы өнегелі әңгімелерін ортаға салды.

Лашықттағы аталмыш жиынға Құрманғали қарияның қызы Дина апаның  жолдасы, кезінде аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет жасаған астаналық Жақсат Қарлығашов қатысып, атасы, соғыс ардагері Құрмағали Ысқақовқа  құрмет көрсетіп отырған аудан басшысы Жанат Асылханұлы ризашылығын білдірді.

Жауынгер ботқасынан дәм татып, соғыс ардагеріне  жылы лебіздерін арнағандардың қатарында Ауған соғысының ардагерлері  Батырбек Жұмағалиев, Ерболат Иманғалиев, аудан прокуроры Ғ.Мұхитов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Қайрат  Хасенов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Эльдар Халелов болды.

Сонымен қатар лашықтағы отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары Р.Иманғалиев, Ж. Сұлтан,  Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғ.Қайырғалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев қатысты.

– Бүгінгі үлкен маңызға ие Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі құтты болсын! Болашақ ұрпақ соғысты көрмесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Соғыс ардагерлерін  құрметтеп отырған сіздерге үлкен рақмет, - деді соғыс ардагері Құрманғали аға.

                                                                                                              Ерболат РАЙСОВ,

 Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале