2.08.2019, 10:32
Оқылды: 186

Қаратөбеде жерлестер форумы ән кешімен қорытындыланды

Қаратөбеде жерлестер форумы орталық алаңда құрылған сахнада «Әнмен тербелген туған жер» атты концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Karatobe (3)

Концерттік бағдарлама Ескендір Хасанғалиевтің «Ауылды аңсау» әнімен ашылса, «Керім-ай» би тобы «Ұйғыр» биін көрермендерге тарту етті.

Karatobe (1)

Әуезді кеште көршілес Сырым ауданынан келген Нұрлыбек Байниязов пен Армат Жұмагелдиев те қаратөбелік тыңдарманға әннен шашу шашты.

Мерекелік кеште қазақтың қара домбырасынан күй де төгілді. Қаратөбенің аспанында ән қалықтап, концертке келген ауыл тұрғындары да әншілермен қосыла ән шырқады.

Karatobe (2)

Концерттік бағдарламаның соңы Серік Қалиевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Қаратөбем» әнімен аяқталды.

 

 

Ақылбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале