28.11.2017, 17:12
Оқылды: 22

Қаратөбеде жыл басынан бері 31 жас техникалық және кәсіби оқытуға жолданды

 

 Бұл туралы Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев айтты.

«Нәтижелі жұмыспен  қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған  бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде аудан бойынша 31 жас техникалық және кәсіби оқытуға жолданды. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 22 адамға 81407,0 мың теңге көлемінде несие беру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 14 адам 101035,0 мың теңге көлемінде несие алды.

«Дипломмен ауылға» бағдармасы бойынша 36 жас маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. «Өрлеу» бағдарламасына аудан бойынша 8 ауылдық округтен 28 отбасы 133 адам қатысып, оларға республикалық бюджеттен 3090,4 мың теңге, жергілікті бюджеттін 2618,0 мың теңге төленді. 17 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 15 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 8 адам әлеуметтік жұмысқа жіберілді. Жалпы «Өрлеу» бағдарламасына қатысушы отбасылар  шартты ақшалай көмек ақшаға 16 бас ірі қара, 136 бас қой мен ешкі, 3 бас жылқы малдарын сатып алды,-деді аудан әкімі Жанат Асантаев.

Аудан әкімі өз баяндамасында аудандағы денсаулық, мәдениет пен білім салаларында атқарылған бірқатар игі істерге де тоқталып өтті.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале