24.04.2018, 18:19
Оқылды: 28

Қаратөбеде зиянды шегірткелерге қарсы 61050 гектар жер уланбақ

DSC_0008Бүгін Қаратөбе ауданында зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

Отырысқа облыстық аумақтық инспекция басшысы Лавр Хайретдинов, республиклық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының облыстық филиалының басшысы Алтай Алдабергенов, облыстық аумақтық инспекциясы өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Ерлан Құрмашев, мердігер Талғат Базарбаев қатысып, өсімдік зиянкестеріне химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады.

Жиында сөз сөйлеген аудандық аумақтық инспекция басшысы Рүстем Әлжанов:

Бүгінгі таңда улы химикаттарды сақтайтын, қабылдайтын қойма әзірленіп, санитарлық төлқұжат жасақталды.

Аудан бойынша 61050 гектар жерге химиялық улау жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Оның 10,0 мың гектарын делтаплан, 51050 гектарын жермен газогенераторлармен шегірткенің өсіп дамуына байланысты 2 жастан асқан кезде уланады.

Улау жұмыстары әр ауылдық округте жоспар бойынша іске асады, - деді инспекция басшысы.

Кезегінде сөз алған республиклық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы аудандық филиалының басшысы Бейбіт Тойшыбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды баяндады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Жанат Асантаев химиялық улау жұмыстары жүргізер алды бағымсыз жүрген мал иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізу, сәйкесінше, тиісті шараларды қолға алу шараларын ауылдық округ әкімдеріне тапсырды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале