21.01.2020, 18:38
Оқылды: 188

Қаратөбедегі бірнеше елді мекенде ұялы байланыс өзекті мәселеге айналды

Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі тұрғындары алдында аудан әкімі Жанат Асантаев пен ауыл әкімі Қанат Мұқанов есеп берді.

qaratibe qoskol (2)

 – Өткен жылы ауыл тұрғындарынан 4 өтініш түсіп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Мәселен, Шалғын ауылына дейінгі жолды қыс мезгілінде күтіп ұстау, ауылдағы амбулаториялық пунктке берілген жедел жәрдем көлігін жаңарту, Шалғындағы фельдшерлік пунктті уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы өтініштер толық орындалса, Шалғын ауылына ауыз су құбырын жеткізу жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда жер асты таза су көзін іздеу ісі аяқталып, ендігі кезекте елді мекенге ауыз су тарту қажеттігі туралы аудан әкімдігіне ұсыныс берілді, - деді ауыл әкімі.

Жиында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 11 елді мекен (Қаратөбе, Жусандыой, Қарақамыс, Ақтайсай, Шөптікөл, Үшағаш,Соналы, Сулыкөл, Ханкөл, Егіндікөл, Қоскөл) талшықты-оптикалық байланыспен қамтылғаны да айтылды. Ал Төлен, Ханкөл, Бесоба, Сәуле, Шалғын, Соналы, Қаракөл, Қоржын, Алакөл елді мекендеріндегі ұялы байланыс жүйесі өзекті мәселелер қатарында қалып отырған көрінеді.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары қазіргі таңда мал терілері мен жүндері кәдеге жарамай, әр жерде шашылып жатқанын әкімдер назарына берсе, жастар ауыл балаларын өздері күреске дайындап жүргендерін айтып, бұған қолдау-көмек болса деген өтініштерін жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі кейбір ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

 

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале