28.08.2017, 11:05
Оқылды: 40

Қаратөбелік 20 ұстаз грамотаға ие болды

 

Қаратөбе ауданында аудан мұғалімдерінің дәстүрлі басқосуы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» атты аудандық педагогикалық тамыз кеңесі өтті.


Аудан әкімі Ж.Асантаев ең әуелі аудандық мәдениет үйінің фойесінде орналасқан көрмені аралап, аудан мектептері оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен танысты.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев 2016-2017 оқу жылының қорытындысына сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру, ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру, педагог кадрлармен қамту жұмыстары, білім саласын қаржыландыру, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру, оқушылардың жазғы демалысы, мемлекеттің ерекше қамқорлығын қажет ететін балалар үшін тең мүмкіндіктер құру, мемлекеттік қызмет стандарты турасында атқарылған жұмыстарды баян етті.

Аудан басшысы Жанат Асантаев аудан ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтап, бір топ ұстазды марапаттады. Олардың арасында Қалдығайты орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының директоры Ақмарал Нұрымова Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар 20 ұстаз облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, ал 14 мұғалім аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале