27.04.2018, 17:43
Оқылды: 21

Қаратөбелік армрестлингтер ел намысын қорғады  

 

Ақмола облысы Щучинск қаласына қарасты Бурабай курорттық орталығында қол күресінен XVII-ші Азия чемпионаты өтіп, қаратөбелік армрестлингтер ел намысын қорғады.

 Байрақты бəсекеге Жапония, Оңтүстік Корея, Тəжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Үндістан, Өзбекстан, Иран елдерінен келген спортшылармен қатар Қазақстан Республикасы атынан құрама спортшылар да қатысып, құрыш білекті спортшылар өзара күш сынасты.

Қазақстан командасы сапында болған қаратөбелік құрыш білектілер өздерінің үздік екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Нәтижесінде даму мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (арм-4) тобы бойынша 70 келі салмақта Есеней Жақыпов сол қолдан ІІ орын жəне оң қолдан І орынды жеңіп алып, Азия чемпионатының чемпионы жəне халықаралық дəрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізді.

Сонымен қатар 1997-1999 жылы туған жастар арасында 85 келі салмақта додаға түскен Сүйесін Құмаров жүлделі ІІ орынға ие болып, күміс медаль иеленді.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале