26.12.2018, 16:46
Оқылды: 59

Қаратөбелік балаларға қуаныш сыйлады

Қаратөбе аудан әкімінің шыршасына барлық мектептен келген 19 оқушы қатысты.

 qaratobe (1)

Жасыл шырша жанына жиналған балғындардың басын қосқан салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев:

- Әр бала асыға күтетін жаңа жылда келіп жетті. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! – деп лебізін білдірді.

Аудан әкімі балалардың дендеріне саулық, оқуда озат, тәрбиелі де үлгілі шәкірт болуларына тілектестігін жеткізіп, отбасыларына амандық тіледі.Безендірілген шыршаны балалармен бірге айналып, өнерпаз бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Сан түрлі ертегі кейіпкерлерінің кейіпіне енген шырша мерекесіне қатысушылар шат-шадыман көңіл-күйге бөленді.

Мерекелік шыршатойдың соңында әр балаға сыйлық табысталып, жүздері бал-бұл жанған ұл-қыздар дән риза көңілмен тарқасты. Жеткіншектерге қуаныш пен шаттық сыйлаған мерекелік кештің қатысушыларына арналып тәтті тағамдардан дастарқан дайындалды.

qaratobe (2) qaratobe (3)

Тоты Асқарқызы,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале