27.11.2018, 12:59
Оқылды: 238

Қаратөбелік балуан республикалық «Жас барыс» турнирінің жүлдегері атанды

Ақмола облысы, Шучинск қаласынанда жылдағы дәстүр бойынша қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында республикалық «Жас барыс» турнирі өтті.

барыс (1)

Аталмыш жарысқа облыстық құрама сапында қаратөбелік Райымбек Өтепов қатысып жүлделі орыннан көрінді.

Үш күнге созылған республикалық жарыста Райымбек 46 келі салмақ бойынша қарсыластарына дес бермей, ІІІ орынға қол жеткізді.

Жас балуан Райымбек осыған дейін қазақ күресінен талай жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Оны бала жастан күрес өнеріне баулып, түрлі додаларға қатыстырып жүрген жаттықтырушысы Роман Сыдықовтың еңбегі зор.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале