19.06.2018, 22:25
Оқылды: 40

Қаратөбелік дәрігер төсбелгімен марапатталды

2018-06-19-18-40-17-009Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты шара өткен болатын.

Адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын жұмсайтын, адам жанының  арашашысы болып жүрген жандардың төл мерекесінде Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының педиатры Мақсот Өтеғалиев "ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Мақсот Өтеғалиев ең алғаш еңбек жолын 1978 жылы Қаратөбе ауданының учаскелік дәрігері болып бастаған. Қазіргі таңда жауапты да білікті маман ретінде абыройлы қызмет етіп келеді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылған «100 жаңа есім» жобасына Мақсот Мырзаханұлының қатысуы-  қызметіне адал жанға елдің сенімі мен құрметінің зор екендігінің айғағы.

Сонымен қатар білікті дәрігер «Ақжайық» телеарнасының медицина қызметкерлеріне арнап ұйымдастырған «Пациент дауысы» байқауында бақ сынап, халық қолдауына ие болды. Жалпақ жұртшылық байқауға қатысушы дәрігерлерге телеарна сайты арқылы дауыс берген болатын. Аталған байқауда сүйікті дәрігеріміз 1653 дауыс жинап, үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Бар уақытын медицина саласына арнап, мыңдаған адамның өміріне араша болған дәрігер ағамыз «Гиппократ антына» адал жан. Талай адамға екінші өмір сыйлаған білікті маман. Ол жас мамандарға өзінің бар білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп, аудандағы медицина саласының  өрістеуіне елеулі үлес қосып келеді.

Жеке бастың мүддесінен гөрі, халық денсаулығын сақтауды алдыңғы кезекке қоя білетін жаны жомарт, жүрегі дархан, қолы жұмсақ, білікті дәрігердің еңбегі қашанда ерен.

Ауырып сырқатына ем іздеген жандарға талай мәрте қуаныш сыйлаған Мақсот ағамызға аудан халқының ризашылығы мол.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале