27.07.2020, 16:15
Оқылды: 214

Қаратөбелік дәстүрлі әнші аудан медицинасын қолдауға ұйытқы болды

Қаратөбе аудандық ауруханаға жерлесіміз, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Сағадат Рахметжановтың бастамасымен оттегі концентраторы мен жүректі түсіретін электрокардиограф аппараты және дәрі-дәрмектер жеткізілді.
F47AB5B5-16ED-41F1-9894-34880DD74B90

Арғы аталары қаратөбелік Мәтенияз бен Нұржан есімді жігіттер және Мұхит пен Ғарифолланың ізбасарлары осындай жақсы іске ұйытқы болуда.

«Қазіргідей қиын сәтте аудан халқына көмек қолын созып, талай аурулардың өміріне араша болуға мүмкіндік беретін жасанды тыныс алу аппаратын сыйлаған азаматтарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Енді дәрігерлер науқастарға уақтылы көмек көрсете алады»,- дейді аудандық арухананың бас дәрігері Венера Жаукенқызы.

-Ел азаматтарының қолдағанына риза болып отырмын. Кәсіпкерлер емес, жәй айлықпен күнелтіп отырған жандар ғой. Алла разы болсын. Халық арасынан осындай қарапайым жандардың індеттің бетін қайтаруға атсалысып жатқаны қуантады. Бұйырса алдағы аптада да дәрі-дәрмектер мен қосымша құрылғыларды жеткіземіз,- дейді Сағадат Ғабдынасырұлы.

 Маралбек Амантаев,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале