2.08.2019, 18:23
Оқылды: 191

Қаратөбелік екі оқушы Италияда демалып келді  

Шілде айының екі аптасын қаратөбелік екі оқушы Италия елінде Адриатикалық теңіз жағалауындағы Чезенатико қаласындағы демалыс лагерінде өткізіп қайтты.

Italia

Италия елі - әлемдік туризмнің маржаны. Чезенатико қаласы - тарихи орындарға бай өлке. Көптеген сәулет құрылыстары көз тартар әсем қаланы өздері тамашалап келген Мұхит атындағы орта мектебінің оқушысы Мәлика Жетпісова, Қоскөл орта мектебінің оқушысы Асылхан Нұрғалиев  замандастарымен бірге Италия еліне барғандықтары жөнінде әсерімен бөлісті.

Ауданымыздан барған өрендер Италия сапарында қиялмен қалықтап алғаш ұшаққа мініп, теңіз толқынында қайықпен тербеліп, шет елдің табиғатын, зәулім-зәулім ғимараттарын тамашалап, саяхат жасапты.

- Орал қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып барған күні қонақ үйге орналастық. Келесі күні Нұр-Сұлтан қаласынан Мәскеуге, одан Милан қаласына ұшақ арқылы жеттік. Чезенатико қаласындағы лагерге автобуспен алып барды. Италяндықтар біздерді  жақсы қарсылап алды. Лагердегі көп уақытымыз самал желі ескен, тербелген толқыны бар теңіз жағалауында өтті. Демалушылар арасында білім-біліктілігімізді анықтайтын, мәдени, спорттық іс шараларға қатыстым. Чезенатико қаласын аралағанда бұзылмай сақталған ескі қамалдарды көріп тамсандық. Тауға саяхатқа шығып бір серпіліп қалдық. Алған әсеріміз ерекше есте қалды,- дейді Асылған Нұрғалиев. Ол өзінің лагердегі күндерінде жаңа достар тапқанын, демалушы балаларға ағылшын тілінде дәрістер ұйымдастырылғандығын да айтты.

Әлем аралап жазғы демалысын естен кетпестей өткізген қаратөбелік өрендер танданыстарын ұзақ уақыт ұмытпасы анық.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале