2.11.2017, 14:37
Оқылды: 23

Қаратөбелік іскерлерге сертификаттар берілді

 

Қаратөбе ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтері төрағалары мен жергілікті атқарушы органдардың мамандарын оқыту турасында семинар өтті. 

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, олардың жұмысын заң аясында жүргізу тәртібі турасында өткен семинарды аудан әкімі Жанат Асантаев ашты.

Ауыл шарушылығы басқармасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда ауданда 10 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жүргізуде. Оның 9-ы  ірі қара малдарын селекциялық асылдандыру жұмысымен, 1-еуі бұқашықтарды бордақылау мақсатында жұмыстануда. Ағымдағы жылы  9 кооператив жекелердің 1262 бас аналық малдарына селекциялық жұмыстар жүргізген. 1 кооператив құрылып, 35 мүшесі мемлекет тарапынан 97,9 млн. Теңгеге жеңілдетілген несие алып,503 ірі қара малын сатып алған.

Алқалы басқосуда сөз сөйлеген облыстық аумақтық инспекция басшысы  Лавр Рашидұлы  облыстың басқа аудандарына қарағанда Қаратөбе ауданында кооперативке біріктіру жұмысы деңгейінің төмендігін тілге тиек етті.

Семинар-кеңеске қатысушыларға ҚР АШМ кооперация департаменті директорының орынбасары Нұрболат Абылайханұлы, агроконсалтинг ғылыми орталығының басшысы Ұлан Рахметоллаұлы кедейшілік пен жұмыссыздықты жою, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған күн тәртібіндегі өзекті мәселе  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, оған кіру үшін төленетін жарналардың түрлері, мемлекет тарапынан қарастырылған  жеңілдіктерді пайдаланудың тиімділігі, кооператив мүшелерінің құқығы, қаржылық-есеп, салық төлемдерін жүргізу, тиімді жеңілдіктерді пайдалану тәртібі турасында толыққанды түсінік берді.

Аққозы ауылдық округіндегі «Аққозы» кооперативінің төрағасы Серікқали Нұриденов, қоскөлдік зейнеткер Серік Нығметов, Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса күн тәртібіндегі мәселелерге орай өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылығы министрлігінің кооперация департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев семинарға қатысушыларға сертификат табыстады.

Семинардан соң меймандар Қаратөбе ауданда салынып жатырған мал сою пунктінің жұмысымен танысты.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале