29.09.2020, 15:00
Оқылды: 193

Қаратөбелік қайырымды жандар үй салып берді

Қайырымдылық айлығы қарсаңында Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Үшағаш елді мекенінде ізгілікті іс жүзеге асты. Мейірімді жандардың жанашырлығы арқасында жалғызбасты анаға жаңадан үй салынып, пайдалануға берілді.

IMG_20200929_131933_198

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, тұрғын үйі апатты жағдайдағы Үшағаш ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Гүлсара Шонаеваға жаңадан шағын екі бөлмелі үй салынды.

Ізгілікті істің жүзеге асуына ұйытқы болған «Сажда» киімдер желісінің Ақтөбе өңірлік филиалы ұжымы және аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігі. Сонымен қатар үй құрылысын жүргізу мен үйге қажетті жабдықтар алуға қаратөбелік ерікті жастар қолұшын созды.

IMG_20200929_131949_148

Көпшіліктің көмегімен салынып, пайдаланылуға берілген тұрғын үйдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Самғат Зейнуллин, аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Жәнібеков, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржамал Берниязова жаңа қоныс иесіне «Құтты болсын!» айтып, «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігі атынан сыйлық табыс етті.

Пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйдің лента қию рәсімін еңбек ардагері Аманжан Әнесов пен аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржамал Сәрсенқызы жүргізді.

Жаңа тұрғын үйге ие болған Гүлсара Шонаева:

– Жаңбыр жауса, үйім төбесінен су кетіп, құлағалы тұр еді. Апатты жағдайда тұрған үйімді көріп, жаңа үй салуға қолұшын берген барша мейірімді жандарға алғысымды білдіремін. Жаздай күннің ыстығына қарамай, үй құрылысын жүргізген ерікті жастардың еңбегі зор. Жасаған жақсылықтары Алладан қайтсын. Қаумалап келіп көмек берген жандарға ризамын, - дейді.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале