27.05.2020, 17:18
Оқылды: 48

Қаратөбелік қарагөз бес адамды газетке жаздырды

Бүгінгі таңда еліміз бойынша республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға баспасөзге жазылу науқаны жүргізіліп жатқандығы белгілі.
5534C7BD-6E51-4DB7-8084-B7F7640D994D

Келер жылы 85 жылдық мерейтойын лайықты табыстармен қарсылағалы отырған «Жайық Пресс» ЖШС медиахолдингіне қарасты Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті оқырмандарын күтеді.

Айта кету керек, аудандық төл газетке ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап аудандық пошта байланыс торабы арқылы және редакция арқылы жазылу жүргізілуде.

Бүгін аудандық газет редакциясына Алматы энергетика және байланыс университеті ақпараттық жүйелер мамандығының 2-курс студенті Шахназ Маратова келіп, бес адамды жергілікті газетке жаздырғанын жеткізді.

Төл басылымды қолдаған қарагөз қарындасымызға алғысымызды білдіреміз!

Сіздерді де басылымды қолдауға шақырамыз.

Маралбек Сүлейменов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале