4.10.2018, 12:07
Оқылды: 50

Қаратөбелік қариялар велошеруге қатысты

Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданындағы Шөптікөл мектебінің ұжымы велошеру ұйымдастырды.
IMG_5281

Аталмыш шара салауатты өмір салтын ұстану, бұқара халық арасында спортты кеңінен насихаттауды мақсат етті.

Велошерушілер Шөптікөл мектебінен бастап аудан орталығындағы көшелермен жүріп өтті. Аталмыш шараға ардагерлер, ұстаздар, оқушылар қатысты.

Жастайынан салауатты өмір салтын үзбей ұстанып, оны жүрген жерінде жас буын арасында насихаттап келетін Зинеден Бәуен, Үмбетқали Бақтығалиевтердің өмірі өскелең ұрпаққа өнеге.

  • Жас ұрпақ спортты өміріне берік енгізіп, дене шынықтыру мен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанса деймін. Тек бүгін емес, күн сайын велосипед тебуді күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет. Ұлт болашағы – дені сау ұрпақтың қолында. Рухы мен денсаулығы мықты ұлт қалыптастыру үшін баршаңызды жаппай спортпен шұғылдануға шақырамын, - дейді Зинеден Бәуен.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5282

 

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале