22.05.2018, 10:47
Оқылды: 30

Қаратөбелік кеме жасаушы өрендер жетістікке жетті

33170148_2052345901695526_4882873955758637056_nЖуырда облыстық балалар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Авто үлгісі, кеме үлгісі спорты, әуе, зымыран модельдеу» атты облыстық байқауға Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Кеме» жасау үйірмесінің оқушылары қатысып, олжалы оралды.

Облыстық жарыста ЕК-600 – еркін жүзетін әскери кеме үлгісі бойынша Қайрат Алмас І орын, С-5 шөлмек ішіндегі кеме үлгісі бойынша ІІ орын және де FSR-MONO-1 класы бойынша ІІІ орынды Эльдар Рақымғалиев місе тұтты.

Ал әуе үлгілері бойынша Ғ5 электромоторлы басқарушы планер үлгісі бойынша Мирлан Мирболатұлы ІІІ орынды, кеме үлгілерін жасау бойынша ересектер арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында «С-5» класы бойынша ІІ орын және «MONO-1» класы бойынша ІІІ орынды Эльдар Рақымғалиев жеңіп алды.

Облыстық байқауға жоғары дайындықпен апарған үйірме жетекшісі Сержан Хасанов:

- Оқушыларымның қолынан шыққан туындылары әділқазы мүшелеріне қалай жасалғандығы жөнінде жұмыстары қорғалды.  Оқушыларымыз дайындаған кеме, қайықтар су бетінде кедергілер арқылы, жылдамдықтары сынды кезеңдерінен өтіп, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Алда талай жеңіс тұғырынан көрінеміз деген ойдамыз,- дейді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале