24.05.2018, 11:56
Оқылды: 66

Қаратөбелік қолөнер шеберлерінің шығармашылық көрмесі өтті

DSC_0938Қаратөбе ауданының орталық саябағында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астанаға тарту» акциясы өтіп, жас қолөнер шеберлерінің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Еліміздің бас ордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған акцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан шараға қатысушыларды Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы жылдар ішінде жеткен жетістіктеріне, алған асуларын айқындайтын сындарлы белестеріне тоқталды.

DSC_0927Одан соң аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Астана қаласына 20 жыл, Қаратөбе ауданына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сынып оқушылары арасында «Менің Қаратөбемнің болашағы...» атты аудандық сырттай эссе байқауының қорытындысын жариялады.

Байқау нәтижесінде эссені жазу дағдысы, бейнелі сөздері мен айшықты сөз өрнегін көрсеткен Қаратөбе мектеп-гимназияының 10-сынып оқушысы Айжарқын Қонарова жеңімпаз деп танылды. ІІ орынды Соналы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Таңнұр Құрманбаева иеленсе, ІІІ орын Шөптікөл мектебі 11-сынып оқушысы Альбина Мергенова, Қалдығайты мектебі 11-сынып оқушысы Гүлсезім Құмарова, Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектебінің 11-сынып оқушысы Айнел Шайжандарға бұйырды.

Шара соңында «Жазира» бөбекжайы балабақшасының бүлдіршіндері өлең оқыса, аудандық балалар шығармашылығы үйінің қолөнер шеберлері ұсынған көрмесі тамашаланды.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале