16.10.2017, 15:31
Оқылды: 17

Қаратөбелік қос бүлдіршін республикалық байқауда табысқа жетті

Алматыда өткен респуликалық «Жастар жаққан жұлдыз» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы көркем сөз, ән-күй, би байқауының қорытындыланды.

Балғын өнердің талантын ұштау, оларға қолдау көрсету мақсатын көздеген, екі күнге созылған республикалық байқауда «Көркемсөз» аталымы бойынша облыс намысын қорғаған қаратөбелік бүлдіршіндер жарқырай көрінді.

Атап айтсақ, Егіндікөл орта мектебінің1-сынып оқушысы Дияс Дәурен бас жүлдеге ие болса, аудан орталығындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Рысбек Ақылбай жүлделі ІІ орынды иеленді.

Айта кету керек, өнерлі балғындарды дүбірлі додаға «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Гүлімхан Қалиева мен егіндікөлдік мұғалім Сана Бозшиева бастап апарды.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале