12.04.2018, 16:30
Оқылды: 22

Қаратөбелік қос спортшы ел чемпионатына жолдама алды

Сəуір айының 7-9 күндері аралығында облыс орталығы Орал қаласында қол күресінен ересектер мен əйелдер арасында БҚО чемпионаты өткен болатын.

Спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында өткен жарысқа 9 командадан 200-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Əр салмақ бойынша үздік спортшылар қатысқан турнирде ерлер арасында өнер көрсеткен 55 келі салмақта Ержан Ерболат І орын, 60 келі салмақта Жандарбек Ниязов ІІІ орын, 75 келі салмақта Нұрқат Нысанов І орын, 90 келі салмақта Бауыржан Қайырғалиев ІІ орынды жеңіп алды.

Үздіктер қатарына ілігіп, жеңіске жеткен спортшылар Ержан Ерболат, Нұрқат Нысанов мамыр айының 9-13 аралығында Алматы қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.

Райымбек АБАЕВ,

 Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале