7.11.2017, 11:33
Оқылды: 17

Қаратөбелік құрыш білектілер республикаға жолдама алды

23167997_354857128276044_1766803931928508706_n4-5 қараша күндері облыс орталығы Орал қаласында спорт ардагері, ұстаз Н.К.Коломоецтің жүлдесіне арналған қол күресінен (армрестлинг) ересектер арасында облыс біріншілігі өткен болатын.

Аталмыш жарысқа 9 команда қатысып, 150-ге тарта спортшы жарыс жолына шықты.

Біріншілікте Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қол күресі» үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысановтың шәкірттері бақ сынап, өздерінің мықтылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жарыс қорытындысында 55 келі салмақ дәрежесінде Ержан Ерболат І орын, 65 келі салмақ дәрежесінде Айбек Елеуғалиев І орын, 80 келі салмақ дәрежесінде Райымбек Өзденов ІІ орын, +80 келі салмақ дәрежесінде Фархат Қалиев І орынды, абсолюттық салмақта алдына жан салмаған Фархат Қалиев І орынды иемденіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кету керек, жеңіске жеткен спортшылар желтоқсанның 6-8 күндері Қостанай қаласында өтетін Қазақстан Республикасының кубогына жолдама алды.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале