5.09.2017, 16:29
Оқылды: 25

Қаратөбелік мұғалім республикалық байқаудан жүлделі оралды

Қаратөбе ауданының Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі  Ғабдырахман Бисеғұлов  «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік ашық сабақ» атты республикалық оқытушылар сайысына қатысып, жүлделі  ІІ орынды жеңіп алып, орталық басшысы Б.Қ.Жұманованың қолы қойылған дипломмен марапатталды.


Ғабдырахман Мұратқалиұлы - түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жеңімпаз болып танылып жүрген ұстаздардың бірі.

Ұзақ жылдар мектеп басшысы қызметін атқарған Ғ.Мұратқалиұлы 30 жылдан астам уақыт аталыш мектепте физика пәнінен дәріс берген  шәкірттеріне сыйлы ұстаз.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале