12.10.2017, 13:27
Оқылды: 60

Қаратөбелік мұғалімдер арасында спорттық жарыс өтті

Қаратөбе ауданында мектеп мұғалімдері арасында волейбол, үстел теннисінен спорттық жарыс өтті.

Спорттық шара аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Ғарапшиев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында волейбол ойыны бойынша Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі командасы І орын, Қалдығайты орта мектебі командасы ІІ орын, Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі командасы ІІІ орынды иеленді.

Үстел теннисі ойынында ерлер арасында Жасұлан Жүсібалиев (Аққозы мектебі) жеңімпаз атанса, қыздар арасында Ләззат Дүйсенова (Мұхит атындағыорта мектебі) қарсыластарынан үздік шықты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале