22.05.2018, 10:45
Оқылды: 31

Қаратөбелік оқушылар спорттық  бағдарлаушылар жарысынан жүлделі оралды

33085441_2052732048323578_7226556425714008064_nМамыр  айының  8-12-сі  аралығында Шығыс Қазақстан облысында  спорттық  бағдарлаудан  мектеп  және  колледж оқушыларының ІХ жазғы  спартакиадасына Қаратөбе аудандық балалар мен  жасөспірімдер  саяхаты  және  экология орталығының оқушылары да қатысты. Спартакиадаға  республикамыздың 5 облысынан  командалар қатысты.

 Спартакиада  4 қашықтық бойынша өрбіді. Олар: орта, ұзақ,  эстафета  және  спринт қашықтықтары бойынша сынға түсті.

Жарысқа қатысушы   БҚО  командасындағы  16 спортшының  тең жартысы  Қаратөбе ауданының  спортшылары екендігі үлкен мақтаныш.  Қатысушы спортшылар  жекелеген  сайыстарда  жүлделі орындардан  көрінді.

Атап айтсақ,   Сәкен Елжан «спринт»  және «эстафета»  қашықтықтары бойынша  ІІ орын, Нұртілеу Орынғалиев «ұзақ» және  «спринт» қашықтығында ІІІ орын, Бекзат Бауыржанов  «орта»  қашықтығында  ІІІ орын, Жайна Асыланбекқызы «орта» қашықтықта  және  «эстафета» қашықтығында  ІІІ орын,  Арсен Көшербаев «орта», «ұзақ» қашықтықтары  бойынша  ІІІ орын, «эстафета» қашықтығы бойынша  І орын, Жанбота Сәкенова «орта», «ұзақ», «эстафета» қашықтықтары  бойынша  ІІ орын, спринт қашықтығы  бойынша  ІІІ орындарға  ие болды.

Жарыс қорытындысында  ұлдар арасында Арсен Көшербаев ІІІ орынға, қыздар арасында Жанбота Сәкенова ІІ орынды  иеленді. Жалпы командалық  есепте БҚО спортшылары  ІІ  орын ие болды.

Жеңіске жеткен  оқушылардың  барлығы да бірнеше  жылдан бері  аудандық балалар мен  жасөспірімдер  саяхаты  және  экология орталығының «спорттық бағдарлау» үйірмесінің  мүшелері. Аудан  оқушыларының  жетекшісі   жоғары санатты  қосымша білім беру педагогы Еркебұлан Ғабдуллин.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале