28.04.2018, 10:38
Оқылды: 36

Қаратөбелік өнерпаздар «Балдәуреннен» олжалы оралды

Аудандық  іріктеуден өтіп, «Балдәурен» байқауының облыстық кезеңіне қатысқан қаратөбелік өнерлі өрендер табыспен оралды.

Аталған байқауда Мұхит атындағы орта мектептің оқушысы Айзат Сағызбай  эстрадалық вокал жанрында ІІ орынды, Жусандыой ауылдық округінен барған Айнара Қазақбаева халықтық ән (терме) жанрында ІІІ орынға қол жеткізді.

Сондай-ақ Шөптікөл мектеп-балабақшасының «Еркеназ» би тобы, халықтық домбыра (күй)  жанрында Мейірбек Мақсотов, Саралжын ауылдық округінен Ақжан Амантаева поэзия жанры бойынша  алғыс хаттарға ие болды.

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале