15.11.2017, 11:33
Оқылды: 18

Қаратөбелік өрендер өнер фестивалінен жүлделі оралды

karatobeТүркістан қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасында «Алаш үміті» І халықаралық рухани жаңғыру фестивалінен қаратөбелік өрендер жүлдемен оралды. 

Өнерлі өрендердің басын қосқан фестивальге Қытай, Монғолия елдерінен және еліміздің барлық облыстарынан қатысқан оқушылар түрлі жанр бойынша бақтарын сынады.

Аталған өнер додасына облысымыздың алдыңғы қатарлы мектептерінің дарынды бүлдіршіндері де үздік өнер көрсеткен. Солардың қатарында Қаратөбе ауданының намысын қорғай барған Шөптікөл мектеп-балабақшасының оқушылары жоғары нәтиже көрсете білді.

Фестиваль қорытындысында «Эстрадалық вокал» жанры бойынша кіші топта бас жүлдені 2-сынып оқушысы Арай Берік, орта топ бойынша күміс жүлдені 7-сынып оқушысы Маржан Маратқызы иеленді. «Көркем сөз» жанры бойынша 6-сынып оқушысы Сәбира Азаматқызы «Дарабоз» аталымымен марапатталды.

«Эстрадалық вокал» жанрының жетекшісі Марат Тажаяқов пен «Көркем сөз» жанрының жетекшісі Бота Жұрмағанбетова М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале