5.04.2018, 12:02
Оқылды: 56

Қаратөбелік палуандар республикалық чемпионатқа жолдама алды

KARATOBE SPORTҚаратөбелік спортшылар Орал қаласында өткен қазақ күресінен облыс чемпионатына қатысып, олжалы оралды.

Жасөспірімдер арасында қазақ күресін  дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін  арттыруды мақсат еткен бәсекеде 130-ға жуық палуан боз кілемде белдесті.

Үш күнге созылған бәсекеде аудан намысын қорғай барған шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Облыстық чемпионатта кіші салмақта өнер көрсеткен 46 келі салмақта І орынды Райымбек Өтепов, 51 келіде ІІІ орынды Мұқағали Өтепов иеленді.

Ал орта салмақта белдескен  57 келі салмақта ІІІ орынды Бауыржан Қарапшиев, 72 келіде ІІ орынды Ербұлан Тілектес иеленді.

Ең ауыр салмақта 64 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Мирас Жеңісов, +63  салмақта І орын Мөлдір Зейінова, ІІІ орын Данагүл Зейнуллинаға бұйырды.

18-21 сәуір күндері Жезқазған қаласында өтетін  Қазақстан Республикасының чемпионатына Райымбек Өтепов, Мөлдір Зейінова жолдама алды.

Жасөспірімдерді спортқа баулып тәрбиелеп, күрестің қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтырушылар Жақсат Қажымов, Роман Сыдықов, Бауыржан Шүрмен облыстық чемпионат оңай болмағандығын, алдағы  сайыстарда  шәкірттері жақсы нәтижеге қол жеткізетіндігіне  алға тартады.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале