16.02.2017, 14:07
Оқылды: 57

Қаратөбелік палуандар жүлделі орыннан көрінді

Тасқала ауданында  2004-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұлттық қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбо күресінен әлем чемпионы Бауыржан Мәмбетовтің жүлдесі үшін Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті.


Облыс аудандарынан келген балуандар бәсекесінде қаратөбелік атақты палуан Еңсеп Досқалиевтің ізбасарлары да топ жарып, жүлдегерлер қатарынан табылды.

Атап айтсақ, 29 келі салмақ дәрежесі бойынша белдескен Ерген Төлепов ІІІ орынды иеленсе, Батыр Жылқыбаев 36, Қайсар Азаматов 40 келіде ІІ орынды қанағат тұтты.

 

                                                                                                Ерболат РАЙСОВ

                                                                                                  Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале