7.06.2018, 10:53
Оқылды: 42

Қаратөбелік педагог облыстық байқауда «Үздік тренер» атанды

34476833_2060473914216058_755322015350521856_nОрал қаласында «Өмірлік таңдау» кәсіби бағдар беру, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу республикалық жобасы аясында үздік педагог-психолог мамандары анықталды. Байқауға қатысқан Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Айман Андирова «Үздік тренер» атанды.

«Өмірлік таңдау» жобасы - қазақстандық оқушыларды жұмысшы мамандықтарымен таныстыруға бағытталған ауқымды жоба.

34746458_2060473937549389_7583963709798612992_nЖоба негізінен үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде педагогтар оқыту курсынан өтті. Екінші кезең бойынша Мұхит атындағы орта мектептің 8-10-сынып оқушыларына және ата-аналарға арналған семинар ұйымдастырып, 40 оқушы кәсіби бағдарын анықтауға арналған онлайн тестілеуге қатысты.

Жобаға қатысушы 50 педагог-психолог арасында үздік ондық қатарынан көрінген Айман Андирова «Үздік тренер» атанып,  Астана қаласында өткен республикалық форумға қатысып келді.

Қаратөбелік маман Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе облыстарынан қатысқан педагог-психологтар арасында үздік бестік қатарынан көрінді.

Айман Амандыққызы 8-11 маусым аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін курсқа  жолдама алды.

 Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале