13.04.2018, 12:04
Оқылды: 48

Қаратөбелік Райымбек ақындар айтысында топ жарды

12 сәуірде Атырау облысы Индер ауданында республикалық-аймақтық деңгейдегі «Елім дейтін ұланбыз» атты оқушылар арасында ақындар айтысы өткен болатын.

Аталмыш ақындар айтысында өз өнерімен ерекшеленген республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, батысқазақстандық жас айтыскер, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі Райымбек Өтепов І орынға ие болды.

Батыс аймақтың төрт облысынан 20-ға жуық жас ақын қатысқан додада қаратөбелік Райымбек Бекболатұлы екі кезең бойы мықты ақындармен айқасты. Қанына сіңген бекзат өнерді серік етіп жүргеніне көп уақыт болмаса да, сүбелі сөз өріп үздіктер қатарынан көрінді.

Райымбек облысымызға танымал ақын, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Ақындық әліппесі» үйірмесінің жетекшісі Ертай Бимұхановтан тәлім алып жүр.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале