15.01.2019, 12:11
Оқылды: 49

Қаратөбелік шаруа 100 бас асыл тұқымды мал сатып алған

Қаратөбе ауданындағы асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарында 3515 бас мүйізді ірі қара, 73 бас жылқы, 1396 бас қой бар.

 angus (2)

2018 жылдың желтоқсан айындағы есеп бойынша ауданда 338 шаруа қожалығы тіркелген. Олардың 22-сі Аққозы ауылдық округіне тиесілі. Аққозылық шаруа қожалықтары бүгінде асыл тұқымды мал өсіруді қарқынды жүргізуде.

Солардың бірі – «Ермек» шаруа қожалығы. Қожалық жұмысын 1998 жылы бастаған. Қожалықта 120 бас жылқы, 410 бас қой-ешкі, 410 бас ірі қара малы, оның ішінде 166 асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры бар. 2017 жылдан бері репродуктивті шаруашылық ретінде асыл тұқымды мал төлін өзге қожалықтарға сатып отыр. Оншақты жұмысшы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен былтыр қожалық 70 млн. теңге несие алды. Алынған қаражаттың 50 миллионына Қостанай облысының «Терра» ЖШС-мен шарт жасасып, 100 бас абердин-ангус тұқымды сиыр малын сатып алып, ірі қара санын көбейтті.

– Рас, кейбіреулер сиырларына жылдам салмақ қосу үшін дәрі-дәрмек пайдаланатынын естіп жатамыз, ал Абердин-ангустерге оның қажеті жоқ. Малдың бұл төлі табиғи түрде жылдам салмақ қосу мүмкіндігіне ие. Олар да жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді. Қақаған аяз бен аптап ыстыққа шыдамды, әрі ауруға төзімді болып келеді, - дейді «Ермек» шаруа қожалғының жетекшісі Сәкен Жұмағалиев.

angus (1) angus (3)

                                                                                         Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале