5.09.2019, 17:59
Оқылды: 261

Қаратөбелік шаруа өзі оқыған мектепке компьютер тарту етті

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әр тұрғын қолдарынан келгенше үлестерін қосуда.

dombyra (1)

Солардың бірі Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округіне қарасты Шалғын ауылының тұрғыны «Ақбас» шаруа қожалығының жетекшісі Есболат Талапұлы.

Қожалық иесі Есболат өзі оқыған алтын ұя мектебіне отбасының атынан бағасы 350 мың тұратын компьютерді сыйға тартты.

Мектептің тағы бір техникалық жабдықпен қамтамасыз етілгеніне ұстаздар дән риза.

dombyra (2)

Мектеп басшысы Ғұсман Ғұмарұлы кәсіпкерлердің жан-жақтан қолдау көрсетіп жатқанына ризашылығын білдіріп, осындай өнегелі үрдісті жалғастыруға шақырды.

Гаухар Феликс

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале