17.08.2017, 11:37
Оқылды: 21

Қаратөбелік шекарашылар марапатталды

 

Қаратөбе ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай шара өтті.


Шекара шебінде тәулік бойы қырағылықпен күзетіп, қызмет еткен  жауынгерлерге  Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жылдығына орай «ІІ дәрежелі шекара үздігі» төсбелгісімен Сырым Айбекұлы, Санжар Мәлікұлы, Дулат Аманқосұлы, Дархан Нұржанов, Болатбек Халенов, Қазбек Кәкімовтер марапатталды.

БҚО әкімі аппараты  мемлекеттік мекемесі аумақтық қорғаныс басқару қызметінің басшысы Қанат Жұмалиев өз сөзінде  әскери адамның өмірі әрине оңай емес. Кез-келген уақытта дабыл болып қалуы мүмкін. Сол үшін сақадай сай тұру қажет екендігін  айтып өтті.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

«Қаратөбе өңірі»

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале