22.01.2019, 15:37
Оқылды: 28

Қаратөбелік спортшы республикалық чемпионатқа барады

Орал қаласында қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының жеке-командалық чемпионатына қаратөбелік құрыш білектілер қатысты.

 qaratobe (1)

Аталмыш жарыста 7 командадан 100-ге жуық спортшы сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтады.

Облыстық чемпионаттың жекелей сынында ерлер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде Айдос Шайжанов ІІ орын, 60 келі салмақта Бекзат Нұрышев ІІІ орын, 70 келі салмақта Айбек Елеуғалиев ІІ орынды иеленді.
80 келі салмақта І орынға Досжан Асан, 85 келі салмақта ІІ орынға Райымбек Өзденов, ал, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ІІ орынға Асан Дошымов табан тіреді. Әйелдер арасында 50 келі салмақта ІІІ орынды Айгүл Орынбасарова ие болды. Жалпы командалық есепте қаратөбелік спортшылар ІІІ орыннан көрінді.

Биыл 16-19 ақпан күндері Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатында Досжан Асан облыс намысын қорғамақ.
Жастарды қол күресі спортына баулып, жеңіске жетелеген жаттықтырушылары Нұрқат Нысановтың еңбегі зор.

qaratobe (2) qaratobe (3)

Тоты Есқайырова,
Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале