24.08.2018, 14:12
Оқылды: 41

Қаратөбелік спортшы қыз республикалық жүлдегер атанды

Karatobe Zeinova10-13 тамыз күндері  Қызылорда қала­сында мектеп және колледж оқушылары арасында республикалық ІХ жазғы спартакиада өткен болатын-ды.


Республиканың барлық аймағынан ең үздік спортшылар қатысқан  байрақты бәсекеде қазақ күресі жарысы бойынша облыс намысын қорғап, атой салған қаратөбелік Мөлдір Зейнова (суретте сол жақта) +73 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынға ие болып, аудан абыройын асқақтатты.

Қазақ күресінің қыр-сырын меңгеріп, талай додоларда топ жарып жүрген жас бозкілем шебері Мөлдір Зейнова аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Роман Сыдықовтан тәлім алуда.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале