5.12.2019, 12:11
Оқылды: 144

Қаратөбелік спортшы республикалық турнирде облыс намысын қорғайды

 Ұлттық спортқа баса назар аударылып, кеңінен насихатталып, әртүрлі жоба қолға алынып келеді. Соның бір дәлелі биыл жалауын түріп отырған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы «Бала балуан» республикалық турнирі.

 qaratobe (2)

Елімізде жыл сайын ересектер арасында «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» ұйымдастырылып келеді. Сол игі бастаманың жалғасы ретінде 2-3 желтоқсан күндері «Бала балуан» облыстық турнирі өтті.

Ұлттық қазақ күресін дамытып, бұқара арасында кеңінен тарату мақсатында өткізілген турнирде Қаратөбе ауданының намысын Батыр Жылқыбаев қорғады.

2005-2006 жылғы туған жасөспірімдер 42 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Облыс бойынша аталмыш додаға 20-ға жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Күресті жанына серік еткен саңлақтардың арасынан жерлесіміз Батыр Әлібекұлы үздік шығып, ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирінде облыс намысын қорғамақшы.

– Мен жеңетініме сенімді болдым. Себебі бұл жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Бұл жетістігіме үлкен еңбек пен ата-анамның, бапкерімнің қолдауы себеп болып, жігерлендіріп тұрды. Осы тұста күреске баулыған жаттықтырушым Роман Сыдықовқа алғысымды білдіремін. Нұр-Сұлтан қаласында да жеңіс тұғырынан көрініп, Қаратөбенің мерейін үстем етемін,- дейді жас балуан.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале