20.02.2019, 19:03
Оқылды: 24

Қаратөбелік спортшылар ел чемпионатына қатысады

Орал қаласында қазақ күресінен 1999-2001, 2002-2003 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатты өтті.

qaratobe (1)

300-ге жуық палуан қатысқан жарыста қаратөбелік 5 палуан ептіліктері мен қайсарлықтарының арқасында қарсыластарынан айласын асырды.

Атап айтар болсақ +90 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Идешов, қыздар арасында +70 келіде Данагүл Зейнуллина, 81 келіде Дәулет Ғабитов, 51 келі салмақта Мұқағали Өтеповтер алтын медалға ие болды. Ал 51 келі салмақта Дәулет Болатов қола жүлдені қанжығасына байлады.

Дода жеңімпазы болған төрт спортшы наурыз айында Ақтөбе қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале