20.06.2017, 12:12
Оқылды: 56

Қаратөбелік талапкерлер тест сынағынан өтуді бастады

karatobe ubtБүгін таңғы сағат 8.00-де Қаратөбе ауданының  Мұхит атындағы орта мектебінде орналасқан  846 ҰБТ өткізу пунктінде аудан мектептерінің талапкерлері ҰБТ сынағын тапсыруды бастады.


Аудан бойынша ҰБТ тапсыруға  ниет еткен  117 талапкердің 114-і тест сынағынан өтуде.

ҰБТ ашылу салтанатында  комиссия төрайымы Мәжитова Сәуле Серікқызы, аудан әкімінің орынбасары Өмірзақов  Сатқан Ержанұлы жас түлектерге сәттілік тіледі.

Тест тапсырушылар 2 аудиторияға бөлінді. Енді түлектер алдында білім сынағы тұр. Балаларының ақ тілектерін тілеуші ата-аналар мен ұстаздар қауымы талапкерлердің сынақтан сүрінбей, жақсы өтуіне  сәттілік тіледі.

Сәтті қадам болсын, жас талапкер!

Ерболат РАЙСОВ,

                                                  Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале