8.11.2017, 12:01
Оқылды: 25

Қаратөбелік жас экологтар жеңіске жетті

 

23318770_1987651251518092_1601965089_nОблыстық балалар мен жасөспірім туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жайық-Орал-2017» экологиялық экспедиция жасақтарының слеті өтті.

 Слетке облыс орталығы мен аудандардан барлығы 11 команда қатысып, білім-біліктіліктерін ортаға салды. Соның ішінде Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының  «Жас экологтар» командасы қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастырушы-педагогы  Гүлнұр Ғабдушеваның айтуынша, «Жайық-Орал-2017» туристік-экологиялық экспедиция отрядтарының облыстық слетінің «Экологиялық акциялардың» қорытынды іздестіру-зерттеу конференциясы бойынша ІІ орынды Айкөркем Беркінова, Алтынзер Төлеғұл, «Үздік туризм орталықтарының абаттандыру» байқауы бойынша ІІ орынды экология бағыты бойынша ұйымдастырушы – педагогы Гүлнұр Ғабдушева  иеленді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале